Биткоин құны 9 мың долларға бір-ақ арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биткоин құны 9 мың долларға бір-ақ арзандады

Биткоин құны 9 мың долларға бір-ақ арзандады

Binance биржасының деректері бойынша, криптовалюта нарығы 18 сәуірде қатты құлдырады.

  • 19 Сәуiр 2021
  • 35
Фото - Caravan.kz

Әлемдегі ең қымбат сандық валюта — Bitcoin 10% -ға жуық бағасын жоғалтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

FXStreet-тің хабарлауынша, АҚШ "Қаржы министрлігі бірнеше қаржы институтына криптовалюталарды пайдаланып ақшаны жылыстатқаны үшін айып тақты" деген қауесет пайда болғаннан кейін криптовалюта нарығына дүрбелең болған. Бұл қауесет, әсіресе Твиттерде қатты талқыланды.

Қауесеттің қаншалықты шын екендігі белгісіз болғанына қарамастан, әлемдегі басты криптовалюта бағамы төмен қарай құлдилай жөнелді. 12 сағаттық диаграммада биткоин бағасы шамамен 9000 долларға түсіп, 51.541 доллар болды.


Бұрын биткоинның бағасы тарихи рекорд орнатқан болатын. Сәрсенбіде Binance биржасы 1 bitcoin үшін 64 850 доллар бағасын тіркеді.

Айта кетсек, саясаткер Санжар Боқаев өз сұқбатында қазір пара биткоинмен беріліп жүргенін айтып қалып еді.