Бұл туралы әнші Хабар арнасында көрсетілетін "Маска" ток-шоуында мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Видео qaz.stars Instagram парақшасында жариялады. Онда қазылар арлқасы құрамында отырған Жанар Айжанова Көбелек болып киініп ән айтқан әншінің кім екенін табамын деп отырып, жағымды жаңалықтың шетін шығарып қойды.
"Менің қызым басқаны жасырса да қарнын жасыра алмайды. Оның аяғы ауыр Оны біліп қоямын" — деді Жанар Айжанова.
Бұл жаңалықты естіген көпшілік түрлі пікірлерін қалдыруда. Көпшілік қуанып, құттықтап жатса, енді бірі "Өте жағымсыз жүргізуші. "Ажырасып кетіп пе еді", "Хайп жасап жүр ғой", Қай арнаға бұрсаң да әншілер", " Не орысша емес, не қазақша емес", — деп сынап жазды.
Еске салсақ, белгілі әнші Жанар Айжанова қызы Айжұлдызды былтыр жазда карантин кезінде ұзатқан болатын.
.