Q-pop тобының әншілері есірткі сатты деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Q-pop тобының әншілері есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

Q-pop тобының әншілері есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

Жақында Алматы полициясы синтетикалық есірткі өндірумен және сатумен айналысты деген күдікпен бір топ адамды ұстаған болатын.

  • 23 Сәуiр 2021
  • 335
Фото - Caravan.kz

Олардың қатарында жастар арасында танымал Mad Men тобының солисі бар болып шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желі қолданушылары Алматыда қылмыстық топтың ұсталған сәті түскен видеоға белсенді түрде пікір жазып жатыр. Кейбіреуінің айтуынша, ұсталғандардың ішінде бернеше адам Mad Men Q-рор тобының мүшелеріне ұқсас. Олардың ішінде пікір қалдырушылар Moora тобының мүшесі мен олардың продюсері Руслан Хванмен танып отыр.

Mad Men тобының солисті Moore

Mad Men тобының продюсері Руслан Хван

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ұсталғандардың арасында Mad Men тобына қатысы бар адамдар болған.

"Бір күн бұрын ұсталған, синтетикалық есірткі жасап, таратқан 10 адамның екеуі аталған шығармашылық ұжымға қатысы бар. Еске салайық, санкцияланған тінту бірнеше мекенжай бойынша жүргізілді. Тергеу жалғасып жатыр", — деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!


Еске салайық, Алматы полициясы тұрақты есірткі желісін жойды. Оның құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам болған. Топты басқарған — 1994 жылы туған Х. есімді ер адам.

"Қолда бар жедел мәліметтерге сәйкес, топтағы адам бірнеше айдан бері Алматыда синтетикалық есірткіні өндірумен және сатумен айналысқан. Х.-ның және оның "көмекшілерінің" қылмыстық әрекеті ресми түрде құжатталды", — деген еді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.