Цой Біртановты министрлікке қызметке ала ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Цой Біртановты министрлікке қызметке ала ма?

Цой Біртановты министрлікке қызметке ала ма?

Бұған дейін үйқамақта отырған экс-министр Елжан Біртанов отбасын асырау үшін жұмыс істеуге рұқсат беруді сұраған болатын

  • 26 Сәуiр 2021
  • 77
Фото - Caravan.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановты жұмысқа алу туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. .

"Елжан Біртановқа қатысты, оған сот үйден шығып, жұмыс істеуіне рұқсат берді. Оны денсаулық сақтау министрлігіне немесе жедел жәрдем қызметіне жұмысқа аласыз ба?", — деп сұрады журналист тікелей эфирде.


"Бүгінде бізде осындай ақпарат бар. Біздің білуімізше, ол коммерциялық құрылымда жұмыс істеп жатыр", — деді Алексей Цой.