"Үкіметте, билікте ЛГБТ өкілдері бар" Арман Шораев олардың аты жөндерін де білетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үкіметте, билікте ЛГБТ өкілдері бар" Арман Шораев олардың аты жөндерін де білетінін айтты

"Үкіметте, билікте ЛГБТ өкілдері бар" Арман Шораев олардың аты жөндерін де білетінін айтты

Белгілі журналист Арман Шораев Үкімет пен Ақордада ЛГБТ өкілдері бар екендігін жеткізді.

  • 5 Мамыр 2021
  • 220
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты.

 — Біздің билікте ЛГБТ-ның өкілдері бар өкінішке орай. Үкіметте де, Ақордада да. Парламентте де бар шығар деп ойлаймын қимылдарына қарағанда. Үкіметте бар екеніне сенімдімін. Мен тіпті фамилияларын да білемін. Ақордада да бар. Болатын бұрын, қазір білмедім. Өйткені, менің ол жақпен қарым-қатынасым өте аз. Кезінде қызмет бабымен айына бір рет барып тұратынбыз. Өкінішке орай олар бір бірін таниды, бір бірін біледі. Бір-біріне жәрдем жасап, ешкімге білдірмей әрекеттерге барады. Олардың саны аз болса да, қолдарынан біраз нәрсе келетіні бар. Өкініштісі — деді Арман Шораев.