6 мамырдан бастап Нұр-Сұлтандықтарға қытайлық Sinopharm вакцинасы егіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
6 мамырдан бастап Нұр-Сұлтандықтарға қытайлық Sinopharm вакцинасы егіледі

6 мамырдан бастап Нұр-Сұлтандықтарға қытайлық Sinopharm вакцинасы егіледі

6 мамырдан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінде Hayat-Vax деген атпен шығарылған қытайлық Sinopharm вакцинасы Нұр-Сұлтан тұрғындары үшін қол жетімді болады.

  • 5 Мамыр 2021
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы "Нұр-Сұлтан" қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов мәлімдеді.

"Қазір әкімшіліктің қоймасына қытайлық Sinopharm өндірушісінің вакцинасы жеткізілді.  Ертеңнен бастап біз халықты осы вакцинамен вакцинациялауды бастаймыз", — деді Тимур Муратов.

Ол қала тұрғындары өздері қалаған вакцинаны таңдай алатынын айтты. Оған қоса, Тимур Муратов вакцина ерікті түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.