Желіде мектеп ішінен видео пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіде мектеп ішінен видео пайда болды

Желіде мектеп ішінен видео пайда болды

Желіде мектеп ішінен видео пайда болды

  • 11 Мамыр 2021
  • 29
Фото - Caravan.kz

Желіде Қазандағы атыс болған мектеп ішінен видео пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Олардың кем дегенде біреуі — мұғалім. Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша, зардап шеккен балалар саны 13-ке дейін өсті. Олардың төртеуі реанимацияда, бәрі қарудан жараланған.

Қазанда терроризмге қарсы операция режимі енгізілді.


Риа Новости
мәліметінше, Татарстан басшысы мектепте оқ атқан адам туралы алғашқы ресми ақпарат берді: жігіт 19 жаста, оның атына ресми түрде қару тіркелген.

Telegram-дағы URD_news арнасында жариялаған кадрларда мектеп дәліздерінің бірі көрсетілген. Онда кабинеттердің есіктері мен терезелері сынғанын көруге болады.