Түркістан – Ыстамбұл бағытында халықаралық тұрақты рейс ашылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан – Ыстамбұл бағытында халықаралық тұрақты рейс ашылатын болды

Түркістан – Ыстамбұл бағытында халықаралық тұрақты рейс ашылатын болды

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес түрік әуе компанияларына Түркістан – Ыстамбұл бағытында халықаралық тұрақты рейс ашуға және Шымкент – Ыстамбұл бағытында тұрақты рейсті қайта бастауға рұқсат етілді.

  • 12 Мамыр 2021
  • 16
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Turkish Airlines әуе компаниясы 22 мамырдан бастап Түркістан – Ыстамбұл – Түркістан бағытында жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бастапқы кезеңде рейстер А-321Neo әуе кемесімен аптасына 1 рет орындалады.

Сонымен қатар, түріктердің Pegasus Airlines әуе тасымалдаушысы 23 мамырдан бастап Шымкент және Ыстанбұл қалалары арасында тұрақты рейстерді орындауды қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер бастапқы кезеңде B-737 әуе кемесімен аптасына 1 рейс (7 күн бойынша) орындалады.

Эпидемиологиялық жағдай жақсарса, рейстер саны кезең-кезеңімен ұлғаюы мүмкін.


Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.