Атырауға Hayat-Vax вакцинасының 7500 дозасы жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауға Hayat-Vax вакцинасының 7500 дозасы жеткізілді

Атырауға Hayat-Vax вакцинасының 7500 дозасы жеткізілді

Атырауға Hayat-Vax вакцинасының 7 500 дозасы жеткізілді.

  • 12 Мамыр 2021
  • 61
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша,

Hayat-Vax вакцинасы — бұл белсенділігі жойылған коронавирус инфекциясына қарсы вакцина, Біріккен Араб Әмірліктерінің Рас-әл-Хайма қаласындағы «Жулпар» фармацевтикалық өндірісінде шығарылған. Hayat Vax вакцинасын БАӘ Денсаулық сақтау және алдын алу министрлігі 2020 жылы 9 желтоқсанында тіркеді, содан кейін Қытайда 2020 жылы 30 желтоқсанда тіркелді. Аталмыш вакцина Қытайда және БАӘ-де өндіруге мақұлданды.

«Бұл вакцинаны 11 мамырда өңірдің бір тұрғыны салдырды. Жақында Hayat-Vax вакцинасының 7 500 дозасы жеткізілді. Алғашқы 200 доза «Медикер Жайық» серіктестігіне жіберілді. Дозаның қалған бөлігі қоймада сақтаулы тұр. Оны вакциналау бекеттеріне бөліп береміз», — деді Асхан Байдуәлиев.