Президент Конституциялық кеңеске өтініш жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Конституциялық кеңеске өтініш жолдады

Президент Конституциялық кеңеске өтініш жолдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық кеңеске өтініш жолдады.

  • 12 Мамыр 2021
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жарияланды.

«Конституциялық кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 8 сәуірде Парламент қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін іс жүргізуге қабылдады», — делінген ресми хабарламада.

Конституциялық кеңестің отырысына материалдар дайындау жөніндегі жұмыс басталды, онда аталған өтініш мәні бойынша қаралатын болады.


Конституциялық Кеңесте құқық қорғау, ғылым және өзге де ұйымдар мен мәселелерге маманданған тұлғалар өз қорытындыларын gulmira@ksrk.gov.kz электронды поштасына жібере алатыны айтылды.

Перейти к новостям спорта