Алматы облысында 33 мыңнан астам педагог вакцина салдырған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында 33 мыңнан астам педагог вакцина салдырған

Алматы облысында 33 мыңнан астам педагог вакцина салдырған

Алматы облысында педагогтар вакцина салдырудан көш бастап тұр. Бүгінгі күні екпенің І компонентін 33 мыңнан аса адам салдырған. Ал, жалпы өңірде ұстаздардың саны 40 мыңнан асады.

  • 14 Мамыр 2021
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қазір өңірде 185 760 адам екпе салдырған.

«І компонентнпен 185 760 адам егілді. Оның ішінде 21 093 медицина қызметкері, педагогтар – 33 128, учаскелік полиция қызметкерлері – 1556, студенттер – 2089, медициналық- әлеуметтік мекемелер контингенттері – 909, күш құрылымдарының қызметкерлері – 14 703, мемлекеттік қызметкерлер – 5478, созылмалы аурулары бар адамдар – 5243, басқа тұрғындар – 101 561.

ІІ компонентпен 73 751 тұрғын вакцинацияланды. Оның ішінде 15 276 медицина қызметкері, 18 728 – педагог, 870 учаскелік полиция қызметкері, 738 – студенттер, 365 – медициналық- әлеуметтік мекемелер контингенттері, 4451 – күш құрылымдарының қызметкері, 2127 – Мемлекеттік қызметкерлер, созылмалы аурулары бар – 1365 адам және 29 831 – басқа тұлғалар. Вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар тіркелген жоқ»,- делінген ведомствоның хабарламасында.