Отандық вакцинаны салғызғысы келетін Алматы тұрғындары екпе пунктерінде QazVac вакцинасының жоқ екенін айтады. Олардың сөзінше, қазір қалада ресейлік Sputnik V және қытайлық HayatVac вакциналары ғана қолжетімді.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі отандық вакцина таусылып жатқанын растады.
"Алматы қаласы бойынша отандық QazVac вакцинасы таусылуда. Отандық вакцинаның бірқатар дозасы 1-2 аптаның ішінде Алматыға жеткізіледі. Қалада вакцинаның 7-8 дозасы ғана қалған", — деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасы.