Алматының бірнеше ауданында суық су болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының бірнеше ауданында суық су болмайды

Алматының бірнеше ауданында суық су болмайды

Алматының Медеу және Алмалы ауданында бүгін және ертең суық су болмайды.

  • 17 Мамыр 2021
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны хабарлайды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

17 мамыр күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін Медеу ауданындағы Н. Назарбаев – М. Мақатаев – Д. Қонаев — Қазыбек би көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.

Сонымен қатар, 18 мамыр күні Алмалы ауданында сағат 8:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін Құрманғазы — Қарасай батыр — Сейфуллин — Мұратбаев көшелерінің бойындағы үйлер мен ғимараттарға суық су берілмейді.

«Суық сумен жабдықтау қызметі бойынша шектеулер енгізу магистральдық желілерге жаңа су құбырларын қосу үшін қажет», — деп хабарлады «Алматы су» кәсіпорны.


Суық су өшірілетін кезде денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары мен әлеуметтік саланың өзге де нысандарына автоцистерналармен су жеткізу қамтамасыз етіледі.