Лидия Кәденова: Ұлымның екінші рет үйленуіне қарсы емеспін! - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лидия Кәденова: Ұлымның екінші рет үйленуіне қарсы емеспін!

Лидия Кәденова: Ұлымның екінші рет үйленуіне қарсы емеспін!

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова ұлын екінші рет үйлендіруге қарсы еместігін «Еуразия» бірінші арнасындағы «Ең алғашқы» бағдарламасында айтты.

  • 17 Мамыр 2021
  • 803
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Актриса жалғыз ұлының бірінші әйелімен ажырасу себебін түсіндіріп, жаңа үйленген жастарды мейлінше жеке тұрғызу керектігін айтты.

«Ұлымның бақытты болғанын әрине, қалаймын. Бірінші келініммен ұлымның отауы жараспады, амал не?! Адам болғаннан кейін өмір жалғасады. Қазір Дидардың сөйлесіп жүрген қызы бар екенін білемін. Мен ол қызды көрдім де. Қазақтың қарапайым қызы екен. Ол да өнер жолында жүр. Бірақ келін ретінде әлі анықтап танысқан жоқпын!», — деді.

Ешкімнен пана іздеп, көмек сұрамаған актриса ұлын жалғыз өсіргендігі белгілі. Бала күнінен сахна сыртында, анасының жұмысы мен мектептің ортасында жүруге мәжбүр болған ұлы өзінің балалық шағын былай еске алды…

«Мені анам жалғыз өсірді. Сабақ біткенде анам келіп алып кетеді де, бірге жұмысқа барамыз. Мен театрда сахна сыртында оны күтіп жүремін сандалып. Бала күнімде есімде қалғаны – үйдің қасындағы дүкеннен азық-түлікті қарызға жаздырып жейтінбіз. Қанша қиналса да, маған жоқ дегенді сездірмеуге тырысатын. Әлемде еркеліктің қандай түрі болса, мен соның барлығын көрген бақытты баламын. Бірақ өсе келе мен анамды көп ренжіттім. Алдағы уақытта бұл қателіктерімнің орнын толтыруға күш саламын».

Актрисаның жалғыз ұлы өнер жолында болғанымен, көп әндері жарыққа шықпай қалуда. Оған басты себеп қаржының тапшылығында екенін айтты. Адам болғаннан кейін армандар таусылмайтыны анық. Ардагер актрисаның келер күннен күтетін үміті үлкен. Жалғыз ұлының бақытын тілеп, немересінің азамат болып өскенін көруді арамандайды.