"Грэмми" сияқты: Imanbek тағы бір жүлдені жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Грэмми" сияқты: Imanbek тағы бір жүлдені жеңіп алды

"Грэмми" сияқты: Imanbek тағы бір жүлдені жеңіп алды

Қазақстандық диджей Imanbek (Иманбек Зейкенов) тағы бір беделді марапаттың иегері атанды.

  • 24 Мамыр 2021
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Sputniknews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Billboard Awards марапатын алдым, бұл Grammy сияқты. Қоржынға + 1", — деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Billboard Awards – әртістердің музыкалық чарттардағы жетістігі үшін берілетін жүлде. Оны америкалық Billboard музыкалық баспа басылымы табыстайды.

Диджейдің айтуынша, ол жүлдені Saint Jhn орындайтын "Roses" әнінің ремиксі үшін "Үздік би/электронды ән" номинациясы бойынша жеңіп алған.

Еске салсақ, бұған дейін осы трек үшін Imanbek "Грэмми" сыйлығын иеленді. Ол осы марапатқа ие болған алғашқы қазақстандық атанды. Иманбекті жеңісімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.