500 емен және 1000 мамыргүл көшеті «Астана Опера» маңына отырғызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
500 емен және 1000 мамыргүл көшеті  «Астана Опера» маңына отырғызылды

500 емен және 1000 мамыргүл көшеті «Астана Опера» маңына отырғызылды

«Астана Опера» қамқорлық кеңесінің мүшелері, театр труппасының әртістері мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары көшет отырғызды.

  • 24 Мамыр 2021
  • 30
Фото - Caravan.kz

Көшет отырғызу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры, «Астана Опера» қамқорлық кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаева: «Өздеріңіз білетіндей, емен – ұзақ ғұмыр символы. Орташа өмір сүру ұзақтығы 300-400 жыл. Ал мамыргүл көпшілік үшін көктемнің, жастықтың, жаңарудың нышаны. Көшеттер ғасырлар тоғысында бой көтерген жас әсем астанамыздың көркіне көрік қосады. Жасампаздық пен жаңаруға құлаш ұрған Елордада бұл жас көшеттер тамырын кеңге жайып, бас қаламен бірге өсіп, біте қайнаса берсін», — деп тілегін білдірді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады. 

Емен ағашы мен мамыргүл көшетін отырғызуға театр әртістерімен бірге ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, «Астана Опера» қамқорлық кеңесінің мүшелері: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы
Александр Машкевич
атсалысты.

— Бүгін отырғызылған емен біздің климаттық жағдайға бейімделген. Ал мамыргүл осы өңірде көптеп кездеседі. Сол себепті, көшеттер жайқала өсіп, алып бәйтерекке айналып, Елорда тұрғындары мен қала қонақтарының жанына сая болады деп үміттенеміз, — деді «Астана Опера» театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.

Мәуелі ағаш егіп, шаһардың көркеюіне атсалысқандар халықты ауыл-аймақты абаттандыру мен көгалдандыруға шақырды.

Соңғы жаңалықтар