Коронавирус: Атырау облысында 27 науқас жансақтау бөлімінде жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус: Атырау облысында 27 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Коронавирус: Атырау облысында 27 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 27 науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

  • 24 Мамыр 2021
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жансақтау бөліміндегі науқастардың 5-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

«Атырау облысындағы инфекциялық стационарларда 524 науқас емделіп жатыр. Стационарлардағы 2098 төсек-орынның жүктемесі 24 пайызды құрайды. Ал жансақтау бөліміндегі 81 төсек-орынның 33,3 пайызы науқастармен толды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында шектеу шаралары
күшейтілген болатын.