Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, бұл Қытайдың ДДҰ мақұлдаған Sinopharm-нан кейінгі екінші вакцинасы.
"Шұғыл рұқсат беру дегеніміз вакцинаның халықаралық қауіпсіздік, тиімділік және өндіріс стандарттарына сәйкес келетінін білдіреді", — деді ДДҰ өкілі.
Зерттеулерге сәйкес, Sinovac вакцина салдырғандардың жартысынан көбінде симптоматикалық аурулардың және пациенттердің 100 пайызында ауыр белгілер мен ауруханаға жатып қалуының алдын алған.
Sinovac-тың басты артықшылықтарының бірі — оны әдеттегі тоңазытқышта 2-8 градус температурада сақтауға болады. Бұл Sinovac вакцинаның көп мөлшерін төмен температурада сақтай алмайтын дамушы елдер үшін пайдалы екенін білдіреді.
Вакцинаның 200 миллионнан аса дозасы түрлі елге жеткізілді. Компания мәліметінше, бүкіл әлемде препараттың 100 миллионнан аса дозасы таралған.
Енді ДДҰ мақұлдаған вакциналар тізімінде жеті препарат бар: AstraZeneca вакцинасының екі нұсқасы, қытайлық Sinovac және Sinopharm, Pfizer/BioNTech, Johnson & Johnson, сондай-ақ Moderna.
Еске салайық, Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінде Hayat-Vax атауымен шығарылатын қытайлық Sinopharm вакцинасының миллион дозасын сатып алды.