Журналист: "өзін сабауға жеткізген әйел - одан да өткен ақымақ" - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналист: "өзін сабауға жеткізген әйел - одан да өткен ақымақ"

Журналист: "өзін сабауға жеткізген әйел - одан да өткен ақымақ"

Белгілі журналист Өмірзақ Ақжігіт әйел сабаған ер адамның 7 жылға сотталғанына қынжылды.

  • 2 Маусым 2021
  • 416
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Біріншіден, ешбір дені сау еркек, тіпті алқаш пен наркоман болса да, қараптан қарап тұрып әйелін сабай бермейді. Әйел өзінің тілімен, ісімен соған жеткізеді. Рас, әйелін сабағанға ақтау жоқ, ол еркек — ақымақ!. Бірақ, өзін сабауға жеткізген әйел — одан да өткен ақымақ!! Жеткізе қалса, Қобыландының қияйын деп келе жатқан қылышынан басын құтқарып қалған Құртқа секілді, таяқтан аман қалатын амалды табуға тырысқаны жөн… Ал, мына заңды қабылдағандар — қазақтың жаулары, қазақ отбасының ойранын шығарғысы келетіндер! Оқу "өтіп кеткен" жындылар, өйткені қазақ "еркек пен әйелдің ортасына есі кеткен түседі" дейді. Өйткені, ұрысқан, ұрған, таяқ жеп-жегізгендерді "табыстыратын тар төсек" бар…

Ал, төмендегі өлең — сөз түсінетін еркек пен әйелге арналған өлең.


Жалғыз ауыз сөзбенен-ақ өлтiрдiң,

Қарсы алдыңда тiрi өлiк боп мен тұрдым.

Тұрлауы жоқ болып шықты сертiңнiң,

Түрі құрсын қоқырайған бөркiңнiң.

Қараң қалсын мен ас берген тегене,

Тегене ас жұқпай жүр ме, немене?

Төске шапшып, бетiңнен ап жатқанда,

Қолың сынғыр, сабамайсың сен неге?!..

Таныта алмай намысың мен күшiңдi,

Не басып тұр, не басып тұр мысыңды?

Жаратылдың еркек болып несiне,

Жөндемесең терiс кеткен iсiмдi?!

Жонымды бiр тiлсе қамшы таспасы,

Былай қалып қояр едi-ау басқасы.

Күмiлжiмей әйелiңнiң алдында,

Бөркiңдi анау былай алып тасташы!..

Әй-шайға да, келтiрместен мұршаға,

Үнсiз күйде өлiмшi қып бiр саба!

Сенде қамшы, менде бұрым болса егер,

Елге күлкi болар ма едiк мұншама?!", — деп жазды ол.