Бұл жолға не себепті түскендігін білу үшін Caravan.kz порталының тілшісі Азизбен ашық сұхбат өткізді.
— Қай өңірдің тумасысың? Қай жастасың? Аты-жөнің кім?!
— Шымкент қаласынан боламын. Шын аты-жөнім Севара Камалова. Жасым 19-да. Лақап атым — Азиз болады. Солай таныстырамын өзімді.
— Өзің қыз баласысың бірақ ұл бала сияқты киінесің, сөйлейсің… қыздарға сонда қызығасың ба?
— Иә, қыздарға қызығамын. Ұнатамын. 9 сыныптан бастап қызға деген қзығушылығым басқаша. Бір-екі қыздармен қарым-қатынас жасап та көрдім. Сосын тек қана ұлдар киінетін жақтан киім аламын. Ұнайды.
— Өзіңнің бойыңдағы ер балаға тән гармондардың көп екендігін қашан білдің?
— Сол тоғызыншы сынып оқып жүргенде біле бастадым. Қыздардың сұлулығына, иісіне құмартамын. Оған дейін мойындаған жоқпын. Бір сол тоғызыншы сыныпта толық көзім жетті.
— Өзіңді ЛЕСБИ-мін деп есептейсің ба?
— Енді қызбен қыздың бір-біріне сезімі болса, махаббат қарым-қатынасын жасаса лесби болады ғой. Ия есептеймін өзімдң лесби деп айтуға ұялмаймын. Жалпы ЛГБТ қауымдастығына көзқарасым өте жақсы. Өзім сол қауымның бір бөлшегімін ғой.
— Жынысыңды ауыстыру жоспарыңда бар ма?
— Болашақта бар. Дәл қазір отбасым қарсы болады, проблема болады. Сол себептен бұл тақырыпқа болашақта оралатын боламын. Қазірше ол мүмкін емес.
— Ер баламен өмірде жүріп көрдің ба?!
— Иә, жүріп көргенмін мектеп кезінде бұрын. Қатты жақсы көргенмін тіпті. Жыныстық қатынаста болған жоқпын әрине. Одан кейін ол үйленіп кетті. Бірден менің ер адамға деген сезімім өшіп қалды. Қанша тырыссамда ер адамдар ұнамайтын болып кетті.
— Ұнатқан қыздарға қалай сезім білдіресің? Сенің қыз екендігіңді білгенде олар не айтады?!
— Ұнатқан қыздарыма кәдімгідей әңгіме айтамын, ұсыныс жасаймын. Инстаграм арқылы бірінші көремін, ұнатсам ұсыныс жасаймын сосын кездесемін. Олар менің қыз екендігімді білсе де мені қайтарып тастамайды. Себебі мен ұл балаға ұқсаймын.
— Қыздан қалай ләззат аласың?!
— Оның түрлері көп. Қыздар өте нәзік жандылар ғой. Ләззат алу жалпы не ол? Қызға бөтен дене тисе ләззат ала береді ғой. Қызбен ұлдың арасында ләззат қалай алады, қызбен қызда да дәл солай алуға болады. Тіпті одан мықты болады ләззаты. Тек сол бір нәрсесі жоқ демесең, қазір олда проблема емес дамыған заманда. Мен жігітпен қыз арасындағы жыныстық қатынасқа қызықпаймын да.
— Қыздар арасында шынайы махаббат болады ма?
— Иә, әрине болады. Өте керемет сезім. Шынайы махаббат, сүйіспеншілік, көңіл бөлу деген ұлы сезімдер. Жігіттерде көңіл бөлу деген аз болады. Бөлсе де қатырмайды.
— Ата-анаң бұл өзгерісіңе қарсы емес пе?
— Ата-анам қарсы. Өте көп қарсылығын білдіреді. Себебі олар ескі адамдар. Кім өз перзентін бұндай жаман жолға қияды.
— Сен сонда жаман жолдасың ба?
— Жоқ, олар солай ойлайды. Мен жаман жолда емеспін. Бұл менің жүрегімнің қалауы. Өз таңдауым, өз шешімім.
— 19 жасыңа дейін жыныстық қатынаста болдың ба?!
— Қызбен иә, болдым. Ал жігітпен жоқ. Мүлде болмағанмын. Ер балаға қызықпаймын. Оларды көрсем жиіркеніп тұрамын. Қыз балаға керісінше қызығып, құмарып артып тұрады.
— Не себепті бұндай жолға түстің?
— Негізі себептері өте көп. Мүмкін ер адамнан көп қайғы-мұң көргеннен болар. Көбіне еркектен жиіркенгенен де болар. Қыз деген өте нәзік, маған сол тұсы қатты ұнайды. Мен өзім кішкентай кезімнен ұл сияқты киінемін негізі. Спортпен айналысқанмын. Жүрісім, қимылым бәрі-бәрі ұлға ұқсағанын қалайтынмын.
— Қыздармен танысқанда кіммін деп танысасың?
— Мен ешқашан ұлмын деп таныспағанмын. Бірден айтамын мен қызбын деп. Ұнатқан қыздар бірден түсінеді. Және көпшілігі қарсы болмай, менімен байланыс орнатады. Әрі қарай сезімдерімізге қарап шешім қабылдаймыз.
— Қазіргі таңда сүйген қызың бар ма?!
— Дәл қазір жоқ. Қызданда жалпы өмірде де жолым болмай жүр. Оқытылып алу керекпін-ау деймін. (күліп)