Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«Облыс бойынша коронавирустың таралу қарқыны соңғы 2 аптада 0,4%-дан (24.05-30.05) 0,2%-ға дейін (31.05-06.06) азайды.
Ең жоғары өсу қарқыны Балқаш — 0,4%, Ескелді — 0,8%, Жамбыл — 0,3%, Карасай — 0,3%, Талғар — 0,4%, Сарқан 0,6% аудандарында байқалады. Соңғы тәулікте КВИ-дің 54 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны – 0,2%, оның ішінде 28 симптомдық және 26 симптомсыз жағдай. 54 деректің 13-і – 14 жасқа дейінгі балалар», — делінген Алматы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ 7 маусымдағы жағдай бойынша, облыста індеттен барлығы 25 324 науқас жазылып шықты. Бір тәулік ішінде 21 пациент – стационардан, 9 адам үй карантинінен шығарылды.
Жалпы, пандемия басталғалы Алматы облысында коронавирустың зертханалық расталған 26 448 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде симптомды – 16 582 науқас.