Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 21 маусым күні 5 042 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 21 маусым аралығында қалада барлығы 380 382 адамға екпе салынды.
Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 257 адамнан тұратын 304 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.
«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», — деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
«Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 69 168 дозасы және екінші компоненттің 101 736 дозасы бар», — деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.