Алматыда үнді штамына байланысты карантин күшейтіле ме? Бекшин жауабы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда үнді штамына байланысты карантин күшейтіле ме? Бекшин жауабы

Алматыда үнді штамына байланысты карантин күшейтіле ме? Бекшин жауабы

Әуежай және вокзалдарда жаңа штамға байланысты бақылау күшейуі мүмкін.

  • 23 Маусым 2021
  • 102
Фото - Caravan.kz

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин үнді штамына байланысты қалада жаңа шектеулер енгізілу мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"Қазіргі уақытта бүкіл жерде енгізіледі. Бірақ біз Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысын күтіп отырмыз.

Бәріміз білеміз, 22 маусымда ведомствоаралық комиссия басшысы бас санитария дәрігерге халыққа қызмет көрсету саласындағы адамдарға міндетті вакцина салуға қатысты шара қабылдауды тапсырды", — деді Бекшин.

Бұған дейін Алматы бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин үнді штамы болуы мүмкін екені
екі рет тексерілгенін
айтқан болатын.

Сонымен қатар Алматыда әуежай және вокзалдарда жаңа штамға байланысты бақылауды күшейтіні белгілі болды.