"Мұрныңнан қан кетіп жатыр ма?": Балалардың көзінше төбелескен келін мен ене елдің сынына ілікті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мұрныңнан қан кетіп жатыр ма?": Балалардың көзінше төбелескен келін мен ене елдің сынына ілікті (ВИДЕО)

"Мұрныңнан қан кетіп жатыр ма?": Балалардың көзінше төбелескен келін мен ене елдің сынына ілікті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде кішкентай балалардың көзінше айғайға басып, жаға жыртысқан келін мен ененің видеосы тарап кетті.

Бұл туралы Caravan.kz порталы "Caspiantodaykz" парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желі қолданушылары кішкентай балалардың көзінше дөрекі сөйлеп, кейін төбелесіп кеткен ене мен келінді сынға алды.

  • 29 Маусым 2021
  • 986
Фото - Caravan.kz

Видеодан келініне ұрсып, айғайға салып жатқан қайын енесін байқауға болады.

Ол келінін қайын атасына шай бермегені үшін және ұйықтағаны үшін айыптап жатыр. "Таңертеңнен бастап есіктің алдында кішкентай бала құсап тұрады атаң.

Жетіде тұрмайсың, сегізде тұрасың. "Келін тұр! Келін тұр!" деп бөлмеңнің алдында тұрады. Мұрныңнан қан кетіп жатыр ма? Үйден кет", — деп айғайға басты енесі.

Келіннің де жауабы дайын. Ол қашан тұрғысы келеді, сонда тұратынын айтып, жауап қайтарады. Осы аралықта видеоны түсіріп тұрған қайын атасы оларды жай ұрыспай, төбелесуге шақырған.

 "Мұның бәріне екі бала қарап отырғаны ешкімді қынжылтпай ма? Бәрің жабайысыңдар ма?", "Келін ешкімге ештеңе міндетті емес. Екі әйелдің осы мәселені шеше алмағаны ма?", "Таңертең 7-де тұрасың дейді. Ол да адам емес пе?", "Камераға түсіріп алған атасында ми жоқ", "Ене де, келін де оңып тұрған жоқ", — деп жазды желі қолданушылары.


Бұл оқиға мен жанжалдың барлығын кереуеттегі екі кішкентай бала қарап отырған,

Ал енесі мен келіні төбелескенде балалардың бірі жылап бастайды.

https://instagram.com/caspiantodaykz?utm_medium=copy_link