Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
7 шілде күні таңғы сағат 9:00 шамасында Қызылорда қаласы Амангелді көшесінің тұрғыны кәмелетке толмаған, яғни 2004 жылдың 4 мамырында туған қызы Мингатаева Азалия Рустамқызының жоғалғаны туралы арыз түсірген.
«Ата-анасының айтуынша, 17 жастағы жасөспірім 6 шілде күні күндізгі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған», — делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Полиция өкілдері жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда облысы Полиция департаментіне, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына шұғыл түрде хабарласуды сұрайды.
Жасөспірімнің ерекше белгілері: Бойы 160-165 см, арық денелі, шашы қара түсті. Киген киімі: қызыл түсті футболка мен белдемше, ақ кроссовка. Байланыс нөмірлері: 8(7242) 29-70-10, 29-75-20, 29-75-07 және 102 арнасы.