Маңғыстаулықтар өңірде төтенше жағдай жариялауды талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстаулықтар өңірде төтенше жағдай жариялауды талап етуде

Маңғыстаулықтар өңірде төтенше жағдай жариялауды талап етуде

Маңғыстаулық шаруалар да өңірде төтенше жағдай жариялануын талап етуде.  

  • 15 Шiлде 2021
  • 20
Фото - Caravan.kz


Өйткені, қуаңшылық қысқан сәтте шаруа қожалықтары қатты зардап шегіп отыр. Аймаққа арнайы іс сапармен келген Ауыл шаруашылығы минстрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев бұл сұраққа нақты жауап бере алмады. Жергілікті билік те, минстрлік өкілі де бұл мәселені басы ашық күйінде қалдырды. Төрт түлігі қынадай қырылған шаруалардың алдағы тағдыры қалай болмақ?

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

"Қазір төтенше жағдай болмайды, битеді-сүйтеді деген ертең төтенше жағдайды өздеріңіз жариялауға мәжбүр боласыздар. Сондықтан да "Қыс келеді қырынан, қамыңды же бұрыннан" дейді. Халыққа бос сөз қажет емес. Халыққа нақты іс керек!".

Кездесуде қоғам белсендісі Жәнібек Қожық  құрғақ сөзбен ауыз сүртуді доғару керек, одан да  нақты іске көшіп, қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға өтем ақы төленуі тиіс деді. Оның пайымынша, дер кезінде төтенше жағдай жарияланбаса бұдан әрі  жағдай күрделеніп тым қиындай түседі. Министрлік  ол үшін қожалық иелері малдарын арнайы базаға тіркеуі тиіс. Әйтпесе, олар есепке алынбай қалуы мүмкін.

ӘБЕН КЕНЖЕБАЕВ, ШАРУА: "Жағдайымыз төмен. Жер болса — мынау, шөптің тұрыстары  — мынау. Шөп — 1500 тг. Жем — 1500-ден. 10 кг сұлы 3 мыңнна асады. Түскен пенсияға жем алып, әуелі өзімізге қалғанын малымыздың аузына беріп жатырмыз.  Өлген малдар көп. Өліп жатыр. Жағдай шамалы".

Ал, саланың су жаңа басшысы қиындыққа тап болған шаруаларға мемлекет көмектесетінні жеткізді. Ол үшін қазынадан қыруар қаржы қаралып та қойыпты.

ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: "1, 9 млр теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Ол ақша мына шаруашылық қожалықтарына сатып алынған шөп арпа бидай арзандатытулына өзделі береді. Жергілікті әкімшілітер. Осы аптаның аяғына дейін ақша түседі. Деп ойлаймын. Процедураға  сәйкес жергілікті әкімшілік облыстық  әкімшілік комиссия құрып, тізімді бекітіп сол ақшаны әрбір жеке шаруа қожалықтарына ақшаны тарау басталынады».

Ұлттық мал өсірушілер қауымдастығының төрағасының пікірінше,  бұл қаражат жеткіліксіз. Сондықтан Үкімет дұрыстап есептеп нақты шығын көлемін шығару керек.

АЛМАСБЕК САДЫРБАЕВ, «ШОПАН АТА» ҰЛТТЫҚ МАЛ ӨСІРУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: "Шынымен де қомақты сомма болып есептеледі. Бірақ 1 млрд  800 мың алып, осы жерде ресми тіркелген 400 малға бөлетін болсақ, әр малға шамамен 5 мың теңге. 5 мың теңге деген бүкіл малдың қыстық азығы ма, көктемдік пе, күздік азығыма белгісіз. Жаңағы сома Маңғыстауға жеткіліксіз".

Шаруалардың айтуынша, Қызылорда мен Ақтөбе облыстарында субсидия көлемі мүлде басқа. Онда әр мал басына 30 мың теңге төленеді екен. Күнін төрт түлікпен көріп отырғандар жұт келген шақта  малдарын басқа өңірлерге көшіру туралы ұсыныс тастады. Егер төтенше жағдай жарияланса бұл мәселе өз шешімін табады деген үмітте.