Облыстық полицияның хабарлауынша, Жайсаң шекара бекетінде Ресейге кетіп бара жатқан жүк көліктерінің жүргізушілеріне бір адам келіп, ПТР-тест анықтамасын жасай алатындығын айтқан.
Ол жүргізушілердің мәліметтерін әйеліне (медициналық орталықтардың бірінің дәрігері) жібереді, ол жалған анықтама жасап, оны күйеуіне қайта жолдап отырған.
Сотқа дейінгі тергеу барысында қасақана жалған ПТР-тес анықтамасын қолданған 10 азамат анықталып, олардан жауап алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы, 3-бөлігі, "Біле тұра жалған құжатты қолдану" бойынша тергеу амалдары қолға алынды, — деп атап өтті баспасөз қызметі.