Ақтөбелік ортақ үй сатып алу үшін танысына 14 млн теңгесін берген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік ортақ үй сатып алу үшін танысына 14 млн теңгесін берген

Ақтөбелік ортақ үй сатып алу үшін танысына 14 млн теңгесін берген

Ақтөбелік тұрғын таныс әйелге 14 миллион теңге беріп, оның ортақ үй сатып алатынына сенген. Бір ай өткенде алданып қалғанын сезіп, полициядан көмек сұрады.

  • 25 Шiлде 2021
  • 232
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе қаласының 31 жастағы тұрғыны танысын көндіріп, оның 14 миллион теңгесін алып кетті. 40 жастағы ер адам әйелге сеніп, бір ай күткен. Кейін алданып қалғанын сезіп, полицияға жүгінді.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мұндай дерек өте көп. 31 жастағы тұрғын «ВАЗ-2115» көлігін сатпақ болады. Қала тұрғыны оған көлігін әлдеқайда қымбатқа сатып бере алатындығы туралы ұсыныс айтты. Көлік иесі оған сеніп, көлігін табыстайды. Кейін күдікті үш ай бойы жәбірленушіден жасырынып жүрген, жәбірленуші полицияға жүгінді. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, анықтады. Ол бұрын алаяқтық үшін қылмыстық жауапқа тартылған 26 жастағы жас жігіт болып шықты»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жалпы шығын 1 млн теңгені құрады.


Ақтөбе облыстық полиция департаменті азаматтарды алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады. Алаяқтардың құрбанына айналмас үшін аса сақ болыңыз және бейтаныс адамдарға сенбеңіз.