Асқар Бакиров: “Болашақ жастарымыз үшін өзіміз адал еңбек етуіміз қажет” - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асқар Бакиров: “Болашақ жастарымыз үшін өзіміз адал еңбек етуіміз қажет”

Асқар Бакиров: “Болашақ жастарымыз үшін өзіміз адал еңбек етуіміз қажет”

Жемқорлықпен қалай күресу керек? Заңды елімізде қатаңдату керек пе? Қазақстанда жемқорлық қандай деңгейде?

  • 2 Тамыз 2021
  • 495
Фото - Caravan.kz

Осы және өзге де сыбайлас жемқорлыққа байланысты, жемқорлықпен күресуге байланысты №43 “Болашақ" жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бакиров Асқар Мамырович Caravan.kz медиа порталының тілшісіне жауап берді.

Қоғамда пара алушылық азаймай тұр. Ұсталып жатқандар да аз емес. Қалай ойлайсыз, жемқорлық елімізде неге тыйылмай тұр?

— Дұрыс айтасыз, қазіргі таңдағы бұл жемқорлықпен күрес өте бір шұғыл, кейінге қалдырмайтын жұмыстың бірі болып тұр, соған байланысты елімізде жемқорлықтың үдеп бара жатқанында елге аян, баршамызғада аян. Дегенмен жемқорлықпен күресу үшін, бұның алдын алу үшін, біз негізгі жұмысты мынау жас өскелең ұрпақтан бастауымыз керек деп ойлаймын, өзіміздің жұмыс орнымызда осы оқушылармен түбегейлі, осы жемқорлықтың алдын алуға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Негізгі өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына ендіру керек осы жемқорлықпен қарсы күресті, сонда ғана азаяды деп ойлаймын.

Осы жемқорлықпен күресудің өзіңіз қандай жолын ұсынар едіңіз?
— Шынымды айтсам, кез-келген мекемеде, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызметтерде адал болса, шынайы болса жемқорлықтың алдын алу тіпті қажет емес те болар еді. Өкінішке орай қазір адамдар оңай жолды, оңай ақшаны, оңай жетістікті, оңай билікті қалап тұрады. Сол нәрселер сыбайлас жемқорлыққа алып келеді. Шынайя еңбекпен, адал еңбекпен жеткен жетістіктің дәмі ерекше болады. Маңдай термен жұмыс жасап, елге жаны ашып, халқын ойлайтын азаматтарымыз көп-ақ. Бірақ жаңағы оңай олжаға ұмтылған адамдар ортаны ластап, топырақ көпке шашылып кетеді. Мен ойлаймын егер сондай сәттер болып жатса, біреу бірнәрсе ұсынып жатса адам тек өз қалтасының қалыңдығын ойламай. Болашақ жастарды ойлап, және олардың жарқын болашағын ойласа онда мұндай өрескел қателіктерге бой алдырмайды. Сонда міне елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу де аса қиынға соқпасы анық.
Жемқорлық тыйылмауы заңның осалдығы деп жатады. Осы пікірмен келісесіз бе?
— Негізі аса келіспеймін. Әркім әр түрлі пікірде ғой әрине. Кейбірі заңымыздым тым қатал, десе кейбірі заңымыз дұрыс емес жазасы оңай. Жаза оңай болған жерде қылмыс та, жемқорлықта өте көп белеі алады деп жатады. Дегенмен бұлардың да сөздерінің жаны бар. Жалпы заңды қатаң ету керек деп, жазықсыз жандардың сол қатаң жазаға ілігіп кетуін жіті қадағалауымыз керек деп ойлаймын. Ал расында да жемқорлықпен ұсталып, анықталса онда міндетт түрде сол жазаны өтеуі тиіс.


Кейбір мамандардың айтуы бойынша жемқорлықты түп тапырымен жою мүмкін емес дейді. Сіз қандай пікірдесіз?

— Менің ойымша дәл қазіргі сәтте жемқорлықты түп тамырымен жоқ ете алмаймыз. Дегенмен бірте-бірте жұмыс жасай берсек, болашақта міндетті түрде біз қалағандай болады деп сенемін. Барынша шыншыл, адал жұмыстар атқарсақ жастар бізді көріп, біздің жасағанымызды қайталайды.

Өзіңіз жасайтын жұмыс орныңызда, пара ұсынып тірлігін тындырмақшы болған мамандар кездесті ме?
— Жұмыс орнымызда негізгі атқарылатын жұмыста, талапта осы жемқорлықпен қарсы күрес. Осы жұмыстар бізге тапсырылған, соған байланысты күнделікті жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Ойлаймын осы жүргізіп жатқан ісіміз келешектегі ұрпақтарда өз жемісін береді деп.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті.

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында университетте тұрақты түрде «Таза сессия» штабы жұмыс істейді. Штаб қызметінің негізгі идеясы жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, оқушылар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.

Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді.

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында!