Сот бұрынғы министр Біртановты үй қамауынан босатудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот бұрынғы министр Біртановты үй қамауынан босатудан бас тартты

Сот бұрынғы министр Біртановты үй қамауынан босатудан бас тартты

 

  • 26 Шiлде 2021
  • 32
Фото - Caravan.kz

Сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үй қамауынан босату туралы өтінішті қабылдамады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2021 жылғы 14 шілдедегі қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдікті Біртановтың үйқамақта болу мерзімін екі айға санкциялау туралы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын. Адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмайды. Қаулы түпкілікті, шағымдануға жатпайды", — деді судья Элеонора Оңғарсынова.

14 шілдеде Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімі
14 қыркүйекке дейін ұзартылған
болатын.

Айта кетейік, бұған дейін 14 шілдеде Біртановқа қатысты шектеу шаралары аяқталады деп хабрланған болатын. Алайда оның кінәсі немесе кінәсіздігі әлі дәлелденген жоқ.