QR-код арқылы беташарға ақша төлеу: Салт-дәстүрімізді қорлаудың тағы бір сорақы түрі тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
QR-код арқылы беташарға ақша төлеу: Салт-дәстүрімізді қорлаудың тағы бір сорақы түрі тарады

QR-код арқылы беташарға ақша төлеу: Салт-дәстүрімізді қорлаудың тағы бір сорақы түрі тарады

Салт-дәстүрге көзқарасың қалай? Желіде тараған беташардың видеосы халық арасында екі жақты пікірге бөлінді. 

  • 10 Тамыз 2021
  • 313
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы жазды.

Осыдан бірер күн бұрын желіде тараған видеоның дауы басылар емес. 

Банк төлемі арқылы беташарға ақша салу, QR-код арқылы ақша төлеуді заманауи деп ақтап ала аламыз ба? Әлде, салт-дәстүрімізді түбегейлі қорлау болып санала ма? 

Осы жайында Алматы маслихатының депутаты Қайрат Құдайберген мырзаға оқырман тарапынан тоқтам жасауын өтінген. 

"Оқырманым:"Сәлеметсіз бе, Қайрат мырза! Қалыңыз қалай? Мыналар әбден дәстүрiмiздi қорлап, аяққа таптап болдығой, қай өңір болса да бұл әдепсiздiк. Дәстүріміз аяк асты болды.

Осыны жариялаңызшы. Келесіде өзге асабаларға сабақ болсын".

Құрметті қазақ елі, бұл жайт бойынша ойларыңыз қандай?", деп жазып, көпшілікке сауал қойды депутат желідегі парақшасында. 

"Заманауи беташар" деп қолдаушылар табылғанымен, қарсылық танытқандар да басым болды.