Ресейде орыс тілділерді ренжіткендерді елге кіргізуге тыйым салу ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде орыс тілділерді ренжіткендерді елге кіргізуге тыйым салу ұсынылды

Ресейде орыс тілділерді ренжіткендерді елге кіргізуге тыйым салу ұсынылды

Ресей мемлекеттік Думасында орыс тілді адамдардың құқықтарын таптаған шет мемлекет азаматтарына елге кіруге тыйым салу мәселесі көтерілді. Мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володин бірқатар депутаттың осындай ұсыныс айтқанын жеткізді.

  • 10 Тамыз 2021
  • 372
Фото - Caravan.kz

Мұндай бастаманы ресейлік заң шығарушылар Қырғызстандағы бірқатар оқиғалардан кейін ұсынған. Онда спорт лагеріндегі сатушы қыз мен бала физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырады. Ұрып-соғу мен мазақ етудің басты себебі – екеуінің орыс тілінде сөйлеуі болған.

"Депутаттар бұндай жағдайға қатысты шаралар қолдану керектігін айтады. Орыс тілді тұрғындарға қарсы осындай әрекеттерді жасауға мүмкіндік бергендердің Ресейге кіруіне тыйым салуы ұсынылды", — деді Володин өзінің Telegram каналында.

Бұған дейін РФ президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің (АҚК) халықаралық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы Қырғызстандағы орыстарды қорғау жөніндегі шараларды күшейтуге шақырған болатын.