Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

Жиында Ауғанстандағы жағдайға байланысты шұғыл әрекет ету шаралары мен Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

  • 16 Тамыз 2021
  • 676
Фото - Caravan.kz

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты жиын өткізді, деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда қалыптасқан жағдайға байланысты кешелі бері екінші рет жиын өткізді. Жиынға Премьер-Министр Асқар Мамин, күштік құрылымдардың, атап айтқанда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері, Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі басшылары мен Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қатысты.

Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағдайға байланысты Қазақстанның ұлттық мүддесін ескере отырып, шұғыл әрекет ету шаралары және біздің елдің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.


Президент құзырлы мекемелерге Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл осы елмен бұдан былайғы ынтымақтастық бойынша шешім қабылдау үшін аса маңызды.