Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 16 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы: Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 869 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 701 345-ке жетті", — делінген хабарламада.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында — 632,
- Алматы қаласында — 1517,
- Шымкент қаласында — 450,
- Ақмола облысында — 285,
- Ақтөбе облысында — 300,
- Алматы облысында — 383,
- Атырау облысында — 562,
- Шығыс Қазақстан облысында — 256,
- Жамбыл облысында — 171,
- Батыс Қазақстан облысында — 65,
- Қарағанды облысында — 1101,
- Қостанай облысында — 273,
- Қызылорда облысында — 148,
- Маңғыстау облысында — 152,
- Павлодар облысында — 330,
- Солтүстік Қазақстан облысында — 161,
- Түркістан облысында — 83.
Қазақстанда 5 848 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтан қаласында — 320,
- Алматы қаласында — 1285,
- Шымкент қаласында — 453,
- Ақмола облысында — 259,
- Ақтөбе облысында — 612,
- Алматы облысында — 245,
- Атырау облысында — 111,
- Шығыс Қазақстан облысында — 62,
- Жамбыл облысында — 50,
- Батыс Қазақстан облысында — 77,
- Қарағанды облысында — 926,
- Қостанай облысында — 378,
- Қызылорда облысында — 308,
- Маңғыстау облысында — 144,
- Павлодар облысында — 397,
- Солтүстік Қазақстан облысында — 100,
- Түркістан облысында — 121.
Елімізде барлығы 577 882 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Вакцинаға келсек, 2021 жылғы 16 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 138 795 адам, 2-компонентін 4 769 789 адам салдырды.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 17 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды:
- "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
- "Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.