Коммуналдық қызметтер тарифі неге өсіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коммуналдық қызметтер тарифі неге өсіп жатыр

Коммуналдық қызметтер тарифі неге өсіп жатыр

Энергетика министрлігі жыл соңына дейін коммуналдық қызметтер тарифінің негізсіз өсуіне жол бермейді.

  • 18 Тамыз 2021
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифі неге өсіп жатқаны туралы табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасы міндетін атқарушы Асхат Жапсарбай айтып берді.

Болжам бойынша елімізде 1 қыркүйекте коммуналдық қызметтер тарифі орташа 3,5%-ке өседі. Өңірлерде көрсеткіш осы межеде ауытқуы мүмкін.

"Тарифтің шекті деңгейіне көмір, газ, электр энергиясы, мазут сияқты стратегиялық маңызы бар тауарлардың бағасы әсер етеді. Мысалы, жылу және электрмен қамту қызметінің шекті тарифін жанар-жағар майдың өзіндік құнының 50 проценті құрайды. Газбен қамтудың шекті тарифінің 80 проценті газдың көтерме бағасына байланысты", — деді ол брифинг барысында.

Оның айтуынша, тарифтердің өсуіне тауарлы газдың көтерме бағасының 10%-ке өсуі, энергия өндіруші кәсіпорындардың электр энергиясы тарифін орташа алғанда 15%-ке қымбаттатуы мен қалпына келетін энергия көзін пайдалану үшін қосылған үстеменің енгізілуі да әсерін тигізіп отыр.

"Энергия өндіруші кәсіпорындардың қалпына келетін энергия көзін пайдалану үшін қосылған үстемесін есепке алғанда жыл басынан бері тариф орташа алғанда 7,2 процентке өсті", — деп атап өтті Жапсарбай.


Реттеуге келмейтін факторлар қатарында табиғи монополиялар субъектілеріне иесіз жүйелерді беру, олардың сенімді басқаруға алынған жүйелердің шығындарын өтеуі, көмір бағасының өсуін атап өтуге болады.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл коммуналдық қызметтер тарифі бағаны ұстап тұру нәтижесінде өткен жылдың деңгейінде қалды. Ведомство жыл соңына дейін коммуналдық қызметтер тарифінің негізсіз өсуіне жол бермеуді жоспарлап отыр.