Тәліптер Ауғанстандағы Қазақстан елшілігін қорғауға уәде берді - СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәліптер Ауғанстандағы Қазақстан елшілігін қорғауға уәде берді - СІМ

Тәліптер Ауғанстандағы Қазақстан елшілігін қорғауға уәде берді - СІМ

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Ауғанстандағы Қазақстан елшісі тәліптермен ("Талибан" қозғалысына Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған) сөйлескені туралы айтты.

  • 20 Тамыз 2021
  • 135
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"Саяси деңгейде байланыс болған жоқ. Бірақ Кабулдағы елшілігіміз мәліметінше, "Талибан" қозғалысы Кабулды басып алған кезде, олар сол жерге барған, олардың кейбірі біздің елшілік орналасқан аймаққа кірген. Ол кезде күзетшілер болмаған.

Тәліптер келгенде, елші олармен сөйлесуге шықты. Олар: "Сіз кімсіз? Қай елшілік?" — деп сұраған. Елшіміз Қазақстан елшілігі екенін айтты. Олар: "Ештеңеден қорықпаңдар. Бұрынғыдай жұмыс істей беріңдер. Біздің қорғауымызда боласыңдар" деген. Содан бері олар біздің елшілікті күзетеді. Әзірге тек осы деңгейде байланыс болды", — деді Ақан Рахметуллин ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бұған дейін Қазақстан СІМ Ауғанстандағы жағдайды мұқият қадағалап отырғанын мәлімдеп, барлық тарапты ішкі тұрақтандырудың басты алғышарты ретінде биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырғаны хабарланған болатын.


Айта кетейік, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алғаны хабарланған болатын. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Кейінірек Талибан өкілі елдегі соғыс аяқталғанын жариялады.

Кейін Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Өз кезегінде бұқаралық ақпарат құралдары Ашраф Ғани жұбайы Рула және екі кеңесшісімен Өзбекстанға ұшып кеткенін хабарлады.