"Ұрпағымды қалдырып, жыныс ауыстырамын" 19 жастағы трансвестит Амилай ашық жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұрпағымды қалдырып, жыныс ауыстырамын" 19 жастағы трансвестит Амилай ашық жауап берді

"Ұрпағымды қалдырып, жыныс ауыстырамын" 19 жастағы трансвестит Амилай ашық жауап берді

Әлеуметтік желіні шулатқан трансвестит Амилай Баймұратова желідегі оқырмандарына "Ұрпағымды қалдыру керекпін, содан соң жыныс ауыстырамын", -деп жауап берген екен. Бұл райынан қайтты ма әлде сол шешімде қалды ма?

  • 23 Тамыз 2021
  • 6073
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 19 жастағы трансвестит Амилаймен Caravan.kz медиа-порталының тілшісі сұхбаттасты.

— Сізді әлеуметтік желіде оқырмандар жыныс мүшесін ауыстырды деп жатыр рас па?

—  Жалпы мен жыныс мүшемді әлі ауыстырған жоқпын. Бірақ болашақта ауыстырып қалуым мүмкін, немес ауыстырмай қалуым мүмкін. Дегенмен бір білерім бірінші мен өзімнің ұрпағымды қалдырып, содан соң барып ауыстыру жайлы ойлана аламын. Қазірше жынысқа байланысты жоспарым мүлде жоқ.
— Бұрынғы ер бала қалпына қайтады деген болжамдар бар. Оған не дейсіз?

— Иә, әлеуметтік желіде ондай сөздер өте көп тарап кетті. Мен бұл шешімге ұзақ уақыт ойланып барып келдім. Енді қайтадан ер бала қалпыма айналу қазірше ойымда жоқ. Осы өмірім өзіме ұнайды, осылай маған ыңғайлы. Мен хайп үшін "иә өзгеремін",- деп айта алмайды екенмін. Бірақ бәрі де Алланың қалауы, ер бала болып өзгеріп кетіп жатсам да таң қалмаңыздар! Алдын ала мен ештеңеге тон пішпеймін. Сабақты ине сәтімен!
— Әлеуметтік желіде атап айтсақ Инстаграм парақшаңызды “Coming Soon” деген жазу нені білдіреді?!

-Оны бір аптадан соң көретін боласыздар! Жынысын ауыстырады немес бұрынғы қалпына келеді, — деп болжам жасап жүргендер үшін жауап беретін боламын.


https://instagram.com/amilaikz1?utm_medium=copy_link