Жігіттер квартетінің әншісі Бағлан Әбдіраймов соңғы уақытта дау тудырған, Тұрсынбек Қабатовтың қызына қатысты мәселеге әлеуметтік желідегі парақшасында өз пікірін білдірді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
ТІЛ ТАС ЖАРАДЫ, ТАС ЖАРМАСА БАС ЖАРАДЫ.
“Жығылғанға жұдырық” — деп бекер айтпаған. Кешегі Аягүл Ментайдың өлімі, осы қазақтың пікірі ажал құштырды.
Енді міне, Тұрсынбек Қабатовты жердан алып, жерге салып жатырмыз. Ақтамаймын, әрине! Аягүл секілді таға қаншама бәйшешегімізді солдырып алмауға кім кепіл? Мұнша пікірді бәйшешегіміз көтере ала ма? Психикасына әсер етсе емдей аламыз ба? Жанар қарындасымыз (әнші) осы пікірді көтере алмай кеткен жоқ па? Достар, кім қателеспейді?! Мектепке кіру үшін де, жұмысқа тұру үшін де, жол полициясына штраф жаздырмас үшін де, Цон да кезекке тұрмас үшін де, вакцина салдырмай, құжат сатып алу үшін де, бәріне, өзіміз ақша беріп жүрген жоқпыз ба? Әлде бәріміз періштеміз бе?
Біздің қоғам сондай ғой. Кез — келген затқа таныс іздейтініміз тағы бар. Осының бәрін көріп, шыдамаған кейбір жандар елден безіп кеткен жоқ па? Бәрі жаман ҚАЗАҚ. Жақсы ҚАЗАҚТЫ кім береді. Олай кемшілікті асыра сілтеп жазудың қажеті жоқ.
Жалпы заң керек. Кім жаман пікір жазады, салмағына қарай заң алдын да жауап берсін. Тәртіп керек… Заң бәрімізге ортақ. Пара беруді өзімізден бастап тоқтатайық! Елдігімізді, бірлігімізді сақтайық!
Сіздерден асқан бауыр, қазақ жерінен басқа жер жоқ! Қадірімізге жетейік! Менікі жәй ой ғой.",- деп жазба жариялады.
Желі қолданушылары: "Дұрыс айтасың, тап осы Тұрсынбекті ғана көріп қалды ма?","Басқа да дөкейдің қыздары дәл осылай біреуді кіргізіп жіберіп-ақ жүр ғой","Менде мүмкіндік болса, менде солай кіргізетін едім, онымен өмір тоқтап қалмайды",- деген пікірдер жазды.