Досаев баға қай кезде төмендейтінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Досаев баға қай кезде төмендейтінін айтты

Досаев баға қай кезде төмендейтінін айтты

Үкімет пен ұлттық банктің бірлескен шаралары арқасында инфляция көрсеткішінде оң өзгерістер байқалып отыр.

  • 24 Тамыз 2021
  • 17
Фото - Caravan.kz

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев инфляцияны төмендету жоспарын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл жеті айдың ішінде Қазақстан экономикасы 2,7 процентке өсті. Ал осы жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім 3,7 процентке өсіп, дағдарысқа дейінгі деңгейге жетеді деп күтіп отырмыз", — деді Досаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Бас банкирдің айтуынша, үкімет пен ұлттық банктің бірлескен шаралары арқасында оң өзгерістер байқалып отыр. Оны халықаралық рейтингтік агенттіктер де растады. Алдағы уақытта инфляцияның деңгейі де төмендейді.

"Ұлттық банктің бағалауы бойынша, жыл соңына таман инфляция 6-7 процент болады. Мемлекет басшысының шілде айында берген тапсырмасына сәйкес, үкіметпен бірлесіп инфляцияға қарсы шаралар топтамасын іске асыру жұмысы атқарылып жатыр. Осы шараларды табысты түрде іске асырудың арқасында инфляцияны 2022 жылы 4-6 процентке дейін, 2022-2024 жылдары 4-5 процентке дейін, ал 2025-2026 жылдары 3-4 процентке дейін төмендетуге болады", — деп атап өтті Досаев.


Айта кетейік, үкіметтің бүгінгі отырысында 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралған болатын. Министрлер кабинеті осы құжатты бірауыздан бекітті.