Нұр-Сұлтан мектептері жаңа оқу жылына дайын ба? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтан мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?

Нұр-Сұлтан мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?

 Нұр-Сұлтан мектептерінде оқу жылы дәстүрлі офлайн форматта басталады. COVID-19 таралуын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылданды: Нұр-Сұлтанның барлық оқу орындары «ASHYQ» жобасына қосылды, мұғалімдер вакцинацияланды, мектептер қорғаныс құралдарымен жабдықталуда.

  • 26 Тамыз 2021
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Айта кетейік, елордада 91 мемлекеттік мектеп бақылауға алынған. Департаменттің аумақтық басқармаларының мамандары Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасымен бірлесіп жаңа оқу жылына дайындық бойынша 91 мектепке мониторинг жүргізді.

    Коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуының алдын алу мақсатында оқушылар, мұғалімдер, сонымен қатар басқа да қызметкерлер міндетті түрде маска тағуы қажет. Сонымен қатар, сыныптарда үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігі артады. Сабақ арасындағы үзілістер әр буын (төменгі, ортаңғы, жоғары сыныптар) үшін әртүрлі уақытта болуы тиіс. Зертханалық, тәжірибелік сабақтардан басқа пәндер бойынша кабинеттік жүйе қолданылмайды.

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта өтетіндіктен қызметкерлер мектеп ғимаратына «ASHYQ» жүйесімен яғни QR код сканерлеу арқылы кіреді. Мектептің кіреберіс жерінде күн сайын педагогтар, қызметкерлер мен оқушылар үшін ғимаратқа «кіру сүзгісі» жүргізіледі.

    Бүгінгі күні санитайзерлер, антисептиктер, жуғыш және дезинфекциялайтын құралдардың жеткілікті қоры жасақталған. Сол сияқты елордалық мектептер бактерицидті шамдармен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша белгілер мен көрсеткіштер орнатылды. Асханаларда ауа рециркуляторлары орнатылып, тамақтануды ұйымдастыру ісіне бақылау күшейтілді.


    Одан бөлек, мұғалімдер мен оқу орындарының қызметкерлерін  арасында жаппай вакцинациялаудың маңыздылығын ерекше атап өткен жөн. Бүгінде елордада педагогтардың 99%-ы (16 мыңнан астам) және техникалық персоналдың 97%-ы (5 мыңға жуық) вакцинацияланды.