"Түсініксіз күйде мектепке бара береміз бе?" Қарақат WhatsApp-та тараған ақпаратқа алаңдады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Түсініксіз күйде мектепке бара береміз бе?" Қарақат WhatsApp-та тараған ақпаратқа алаңдады

"Түсініксіз күйде мектепке бара береміз бе?" Қарақат WhatsApp-та тараған ақпаратқа алаңдады

 

  • 31 Тамыз 2021
  • 36
Фото - Caravan.kz

Ертең оқушылар үшін маңызды күн. Бір жыл бойы онлайн білім алған балалар биыл мектепке қайта барады. Ата-аналар бір жағынан қуанғанымен, екінші жағынан балалар арасында вирустың көбейіп бара жатқанына алаңдаулы, деп жазады Stan.kz.

Қарақат Әбілдина да балалары үшін уайымға салынуда. Әншінің айтуынша, онлайн оқу кезінде балалардың білім деңгейі төмендеп кеткен. Бүгінде Болмановтар сабақтың оффлайн өтетініне шын қуанышты. Алайда Қарақат WhatsApp желісі арқылы тараған ақпаратқа сенер-сенбесін білмей, алаңдап отырғанын жеткізді. 

"Міне енді мектеп басталады. Былайша дайынбыз деп айтқанмен жасырмаймын, "қалай болар екен?”, – деген алаңдаушылық бар. Оның үстіне ватсабтан белгісіз бір ананың "балаларыңызды мектепке жібермеңіздер! Вакцина салғаннан кейін ___ Алла сақтасын, ол кісінің айтқанын тіпті жазуға қолым бармай отыр, өте қорқынышты аудио тарап кеткен. Соңына дейін тыңдай алмадым.

Кім жазған? Мақсаты не? Сөздері өте жаман енді. Негізсіз әңгімемен неге халықты дүрліктіріп, жағдайды ушықтырады?! Елдегі жағдай болса мынау! Ауырып жатқандар саны азаймай тұр. Бұл өзі не әңгіме сонда? Түк түсінсем бұйырмасын.
Жан-жақтан, ұстаздардан, басқадан сұрастырған болып-ем, ешкім ештеме білмейді.
Түсініксіз күйде мектепке бара береміз бе сонда?! Сұрақ көп, жауап жоқ", – деп алаңдады Әбілдина. 

Желі қолданушылары Қарақатпен бірге алаңдап отырғандарын жеткізді. 


"Ауру өршіп тұрғанда мектеп ашуы дұрыс емес деп ойлаймын", "Балаларға тиіспесін, онсыз да биыл адам шығыны көп болды. Обалына қалды. Егер де балалар мектепке барған соң ауырса, аналар тыныш отырмайды. Ананы баламен сынамасын", "Бір Алла жар болсын деп отырмыз. Баста шын қуанып едік, қазір көңіліміз алаңдаулы. Кімге сенерімізді де білмейміз , ұстаздарға кінә жоқ, келсе жоғары жақтан бірдеңе келейін деп тұр ғой. Алла жар болсын!”, – деп жазды оқырмандар.