Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Ұлт тағдыры сынға түскен сәтте, көзі ашық азаматтар әрдайым көш бастаған. Адасқанға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар берген. Ел ағалары бір ауыз сөзбен тентегін қиып, тектісін төрге оздырған. Біз қанымызға сінген осы қасиеттен айырылмауымыз керек. Қазір ғаламтор дәуірі, ондағы бей-берекет ақпарат тасқыны ұрпақтың санасын улап жатыр. Бір сәттік танымалдылықты көксейтін идеялар жаппай белең алуда, бұл аса қатерлі үрдіс. Дәл осы кезеңде ұлт зиялыларының ұстанымы және белсенділігі айрықша маңызды. Зиялылардың еңбегі — марапатымен емес, салиқалы сөзімен және нақты ісімен бағаланады. Басты міндет — жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңдіру. Отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық, бірлік пен жауапкершілік сияқты қасиеттер дәл келуі керек. Сондықтан, зиялы қауымды ел болашағына әсер ететін әрбір мәселеден шет қалмауға шақырамын", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.