Біз 30 жылдыққа сыйлық емес, қазақтың еңсесін түсіретін жаңалық әкелдік - Мырзағали Айтжанов - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біз 30 жылдыққа сыйлық емес, қазақтың еңсесін түсіретін жаңалық әкелдік - Мырзағали Айтжанов

Біз 30 жылдыққа сыйлық емес, қазақтың еңсесін түсіретін жаңалық әкелдік - Мырзағали Айтжанов

Танымал бапкер, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мырзағали айтжанов Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктер туралы, боксшылар мен бапкерлер туралы сөз қозғады.

  • 7 Қыркүйек 2021
  • 990
Фото - Caravan.kz

Оның сұхбаты журналист Аман Тасығанның Youtube арнасына шықты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Тарихқа үңілсек, Бірде бір олимпиада да бірде бір мұндай көрсеткіш болған емес. Сол себептен, біз 30 жылдыққа сыйлық емес, Қазақтың еңсесін түсіретін жаңалық әкелдік. Сол жағына өкінемін, кейбір кезде жұрттар "неге кеттің", — деп жатады, бұлай болатынын мен алдын ала білген жоқпын. Осылай болсын деп тілеген жоқпын. Мен ондай адам емеспін", — деді Мырзағали Айтжанов.

Сұхбат барысында бапкер өзінің әріптестері, яғни бапкерлер туралы да айтуды ұмыт қалдырмады.

"Боксшының жеңіске жетуі 70-80% бапкерге байланысты. Бокстасып жатқан адам, боксқа қатысып жатқан адам кейбіреулері қатты қателеседі деп жатады. Қорқақ адам боксқа келмейді. Бұлардың барлығы мықты, бірақ рингте елдің жүгін арқалау, елдің намысын қорғау деген нәрсе психологиялық тұрғыда сол жерде қобалжып қалуы мүмкін. Егер ұтылып қалсам деген нәрсе болмауы керек. Ол енді бапкердің қабілеті, бапкердің жұмысы. Рингке қате жасағанның өзінде соны түзеп, басқа нұсқау беріп, ақыл айтып отыратын бапкер", — деді сұхбат барысында Мырзағали Айтжанов.