Жыл басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 12 501 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

  • 8 Қыркүйек 2021
  • 705
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 82,8 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,0%) Өзбекстаннан, 9,8% – Қытайдан, 6,8% – Түрікменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,4%), Маңғыстау (19,5%), Түркістан (13,8%) және Жамбыл (8,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,4%) қаласына қоныстанды.

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 27,1%-ды және зейнеткерлер 17,6%-ды құрайды.


Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11% жоғары білімді, 39,4% орта кәсіби білімді, 45,7% жалпы орта білімді және 3,9% білімі жоқ.