"Алтынайдың өз ақшасы ғой, қолға кіріп алған кү... күйеу қайдағы машина алып берген": Көлік мінген Жорабаева сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алтынайдың өз ақшасы ғой, қолға кіріп алған кү... күйеу қайдағы машина алып берген": Көлік мінген Жорабаева сынға қалды

"Алтынайдың өз ақшасы ғой, қолға кіріп алған кү... күйеу қайдағы машина алып берген": Көлік мінген Жорабаева сынға қалды

Белгілі әнші Алтынай Жорабаева ерлі-зайыпты арасындағы қарым-қатынас жайлы жазды. 

  • 8 Қыркүйек 2021
  • 2156
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Отбасылық өмірін оқырмандарынан жасырмай көрсететін, желіде белсенді әнші Алтынай ханым бұл жолы су жаңа көлігін көрсетті. Жолдасымен арасында болған махаббат тақырыбындағы диалогты бөлісті:

"Алтынай:
-Жааан?
Алишер:
-Ау жаным?
Алтынай:
-“Жаным”, “сүйем”’ “жақсы көремін” деген сөзді көп айтса , қадірі кетеді деп жатады .
Немесе, іштей, үндемей жақсы көру керек дейді көп адамдар . Бұған не дейсің ?
Алишер:
— “Жаным”, “жақсы көремін” , сүйемін деп айтпасаң, бір күні ол сөздің тіпті қажеті де болмай қалады…
Керісінше, сезіміңді білдірген сайын, жақсы көретініңді айтқан сайын, Махаббат беки түседі.

Ал ,сіздер қалай ойлайсыздар?", деп сауал тастады әнші оқырмандарына. 

Ашуланып тұрсам да ерімнің бұйрығын орындадым — Алтынай Жорабаева

 Ал көпшілік бұған түрліше ой айтты: "Ей, сол Алтынайдың өз ақшасығой қолға кіріп аған кү… күйеуде қайдағы машина ап берген", Алекең дұрыс айтады Алтынай ханым! Бес күндік өмірде күліп жайнап өмір сүру керек. Қайта айтсын, тағы да айта түссін! Бақытты болыңыздар! Бізге де жұғысты болсын! Аумин!", "Жааан деп созып айту дұрыс емес, ол жынның аты.Ренжімеңіз", "Ақ тұлпар құтты болсын!", деп жазды оқырмандар.