Тәліптер Норвегияның Кабулдағы елшілігіне басып кірді - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәліптер Норвегияның Кабулдағы елшілігіне басып кірді

Тәліптер Норвегияның Кабулдағы елшілігіне басып кірді

"Талибан" радикал қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған - авт.) содырлары Норвегияның Кабулдағы елшілігіне басып кірді.

  • 9 Қыркүйек 2021
  • 1319
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Норвегияның Ирандағы елшісі Сигвальд Хауге Twitter-дегі парақшасында мәлім етті, деп жазды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Дипломаттың айтуынша, қозғалыс өкілдері ғимаратты кейін қайтаруға уәде берген.

"Қазіргі уақытта тәліптер Норвегияның Кабулдағы елшілігіне кірді. Бізге оны кейін қайтарамыз дейді. Бірақ алдымен шарап бөтелкелерін сындырып, балалар кітаптарын жою керек. Шамасы, олар қаруды одан қауіпті емес деп санайды", — делінген хабарламада.

Бұған дейін "Талибан" Ауғанстан уақытша
үкіметінің құрамын
жариялаған болатын.