Алайда Ақмарал бұған күмәнмен қарайды. Жыныстық жолмен жұғатын бұл індет неге менде бар, күйеуімде жоқ,-деген сұрақ көкейін тесіп барады.
Бұл туралы Caravan.kz порталы Дина Төлепбергеннің инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Менде бар, күйеуімде жоқ.
Редакциямызға Ақмарал Рахметова хабарласты. Келіншек тұрмысқа шығып, жылға жетпей ажырасып кеткен. Шаңырағымды шайқалтқан — дәрігердің диагнозы дейді.
Ақ халаттылар оның қанынан мерез яғни “сифилис” ауруын анықтапты. Жыныстық жолмен жұғатын індет менде болса, неге күйеуімнен шықпайды деген Ақмарал күмән мен күдікті сейілтіп, ақиқатты анықтағысы келеді."- деп жазба жариялады.