Марқұмның жақындары мен халық оны ерекше ілтипатпен еске алып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Сапарбаевтың келіні өзінің желідегі парақшасында марқұм қайын атасының өмірде қандай болғанын еске алды.
«Үш жыл…Бүгін әкеміздің өмірден өткеніне тура үш жыл болды. Осы уақыт ішінде небір сезімдерді бастан өткердік. Бірақ қазір бір нәрсені ерекше терең түсінесің: адамды сөзінен емес, ісінен таниды әрі сол істерімен есте сақтайды.
Әкеміз өмірін елге қызмет етуге арнады. Оның атқарған игі істері мен еңбегі арада жылдар өтсе де халыққа қызмет етіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосып келеді. Нағыз құндылық та осы шығар – өмірден өтсең де, артыңда жақсы із қалдырып, адамдардың жүрегінде алғыс пен жылы естелік болып сақталу.
Елінің ардақты азаматы, әкеміз Бердібек Сапарбаевтың жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады. Жаны жәннатта, иманы жолдас болсын», — деп жазды ол.
Аталған посттың астында халықтың да оны ерекше көңілмен еске алғанын көруге болады. Көпшілік оның әкімдердің ішінде беткеұстары әрі нағыз ұлт жанашыры болғанын жарыса жазып жатыр.
«Әкімдердің ішінде ең мықтысы болды. 5 обылысты абыроймен басқарды», Топырағы торқа жатқан жері жайлы болсын. Өскемен қаласында түнгі сағ 3 кезінде марқум Әкім Бердібек Сапарбаев жол жумысын тексеріп жүрген өз көзіммен көргем. Айтарым өте шаруашыл жазда да қыста да Өскемен қаласы тап таза болатын. Айта берсе істеген еңбегі көп. Қай жерде отырсақ журсек де жақсы сөздер айтылып жатат. Артынан қалган ұрпағы аман болсын», — деп жазды ол.