Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол «Aiqai» ютуб арнасына берген сұхбатында қандай жағдай болмасын қызына тіл тигізетіндерге бей-жай қарамайтынын айтты.
«Маған қатысты әңгіме болды. Сол кезде үндемедім. Себебі, оның 70% өтірік. Маған қатты тигені, қызым туралы пікір. Бір апта тыныш жаттым. Бірақ, әнші болмай кетсем де қызыма тіл тигізбеймін. Несібе Алладан, такси жүргізушісі болсам да бала-шағамды асыраймын. Пікір жазған қызылордалық бір жігітке «сені тауып аламын» деп жаздым. Қызылордадағы достарыма да «мына баланы тауып беріңдерші» дедім. Менің ойымша, мені кез келген әке түсінеді. Сол жағдайда неге сұхбат бермедім? Ертең ортадағы алып-қашпа әңгіме бітеді. Шындық ашылады. Бірақ қызым өскеннен кейін әкесінің камера алдында жылап отырғанын көрмеу керек. Қызымның алдында ер адам болып қалуым керек», — дейді ол.
Сондай-ақ, ол бұрынғы әйелі туралы да сөз қозғады.
«Отбасымызды жақсы жағынан көрсетейік, үлгі болайық. Бірақ, былық жағын көрсетпей-ақ қойған дұрыс қой. Мүмкін, біреу ажырасуға оқтала алмай жүрген шығар. Мен ажырастым деп хабарласаң, сондай адамдарға сәл де болса ой саласың. Сол үшін біріншіден, дұрыс емес дүниені насихаттағым келмеді. Екіншіден, мен туралы пікір жазған әйелдермен әйел болып салғыласып, отбасыдағы әңгімені айтып қойсам, баламның анасы мен көтерген хейтті көтере алмайды. Қиянат жасағым келген жоқ. «Сендер білесіңдер ме» деген әңгіме кез келген адамда бар. Соны айтып, сол жаққа бұрып жіберсем де болатын еді. Бірақ, баламның анасы психологиялық әлсіз, сәл ашуланса балама ұрысып беретін адам болғанын қалаған жоқпын. Мен ол адаммен тек жаман күндерді сүрген жоқпын. Жақсы күндерді де бірге өткіздік. Сондықтан кетерде арқасына пышақ тығып кете алмаймын. Экс-келіншегімнің таңертең тұрғанда өзі туралы жүздеген онша емес әңгіме оқып отырғанын қаламаймын. Оны мен көтере аламын. Бала кезден үйренгем. Бірақ үйренбеген адамға ол қиын», — деді Еркеш Хасен.