Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputniknews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Ресейдегі парламент сайлауына жіберілетін байқаушылардың тізімін бекітті.
"Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы депутаттарының сайлауын байқауға ТМД-дан және ШЫҰ-дан байқаушылар миссияларының құрамында, сондай-ақ Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының 10 өкілі қатысады", — делінген ОСК-ның хабарламасында.
Делегация құрамына республиканың ОСК мүшелері, сондай-ақ дипломатиялық корпустың өкілдері енді:
- Әлжанов Болат Садықұлы
- Дауылбаев Ерлан Сламханұлы
- Жүндібаев Марат Қонысбайұлы
- Қанатқалиев Серікқали Хабылғалиұлы
- Мұрзалин Жанболат Ибраимұлы
- Мұстафина Сәбила Сапарқызы
- Петров Константин Викторович
- Тұрсынбаев Ілияс Қайратұлы
- Хозеұлы Еділ
- Щегорцова Анастасия Геннадьевна
Еске сала кетейік, сайлау 2021 жылдың 19 қыркүйегінде өтеді. 450 депутат сайланады, оның ішінде 225 депутат бір мандатты округтер бойынша сайланады (бір округ — бір депутат) және 225 депутат федералдық сайлау округі бойынша кандидаттардың федералдық тізімдеріне берілген сайлаушылар дауыстарының санына пропорционал түрде 5 жыл мерзімге сайланады.